Ақтөбе облысында жүк пойызының вагондарды аударылды – видео

© Photo : Скрин видео из соцсетейВагоны сошли с рельсов в Актюбинской области
Вагоны сошли с рельсов в Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
"Қазақстан теміржолы" компаниясы төтенше жағдайдың болғанын растады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Вагондар жолдың екі жағына аударылып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқиға болған жерде түсірілген видео тарады.
"Қазақстан теміржолы" компаниясы төтенше жағдайдың болғанын растады.
"27 наурызда сағат 09.28-де "Шалқар – Жем" учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Оқиға болған жерге жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Ал арнайы комиссия төтенше жағдайдың себептерін анықтауға кірісті.
Железная дорога работает стабильно, несмотря на погоду - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2024
Биыл 570 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтеді
Жаңалықтар
0