https://sputnik.kz/20241103/kezbi-kompaniyasynyn-atqarushy-direktory-ustaldy-48253700.html
"Кезби" компаниясының атқарушы директоры ұсталды
"Кезби" компаниясының атқарушы директоры ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін бөлінген 321 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді 03.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-03T12:37+0500
2024-11-03T12:37+0500
2024-11-03T16:10+0500
маңғыстау облысы
мұнай
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АСТАНА, 3 қараша– Sputnik. "Кезби" мұнай компаниясының атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді.2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шартын жасасқан. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақының өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.Алайда қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін жұмсамай, жымқырған.2024 жылғы 3 қарашада күдікті Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың сәуірінде "Кезби" ЖШС жұмысшылары басшылық уәде еткен жалақы мәселесінің шешілмеуіне байланысты бейбіт митинг өткізген болатын.Жұмысшылар жұмыс уақытын есептеу табелінде 11 сағат көрсетілгенін, ал іс жүзінде 12 сағат жұмыс істейтіндеріне шағымданды. Мұнайшылардың айтуынша, компания олармен ұжымдық келісімшарт та жасасапаған."Кезби" қызметкерлері наразылықты бір айға жуық уақыттан кейін тоқтатты."Ереуіл аяқталды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, енді мен осы жеңістің жемісін көргім келеді. Елордада бізге ас әзірлеп, қонаққа шақырған барша Қазақстан халқына, көпбалалы аналарға алғыс білдіреміз", - деді "Кезби" ЖШС жұмысшыларының бірі.
https://sputnik.kz/20220520/zhanaozende-narazylyq-bildirgen-munayshylar-24935812.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, мұнай
"Кезби" компаниясының атқарушы директоры ұсталды
12:37 03.11.2024 (жаңартылды: 16:10 03.11.2024) Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін бөлінген 321 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 3 қараша– Sputnik. "Кезби" мұнай компаниясының атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп жазылған хабарламада.
Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді.
2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шартын жасасқан. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақының өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.
Алайда қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін жұмсамай, жымқырған.
2024 жылғы 3 қарашада күдікті Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың сәуірінде "Кезби" ЖШС жұмысшылары басшылық уәде еткен жалақы мәселесінің шешілмеуіне байланысты
бейбіт митинг өткізген болатын.
Жұмысшылар жұмыс уақытын есептеу табелінде 11 сағат көрсетілгенін, ал іс жүзінде 12 сағат жұмыс істейтіндеріне шағымданды. Мұнайшылардың айтуынша, компания олармен ұжымдық келісімшарт та жасасапаған.
"Кезби" қызметкерлері наразылықты бір айға жуық уақыттан кейін
тоқтатты.
"Ереуіл аяқталды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, енді мен осы жеңістің жемісін көргім келеді. Елордада бізге ас әзірлеп, қонаққа шақырған барша Қазақстан халқына, көпбалалы аналарға алғыс білдіреміз", - деді "Кезби" ЖШС жұмысшыларының бірі.