https://sputnik.kz/20220520/zhanaozende-narazylyq-bildirgen-munayshylar-24935812.html
Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылардың талабы орындалды
Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылардың талабы орындалды
Sputnik Қазақстан
"Кезби" ЖШС атқарушы директоры серіктестікте орташа жалақы 672 500 теңге екенін айтқан болатын 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T10:50+0500
2022-05-20T10:50+0500
2022-05-20T11:02+0500
өңірлер
жаңаөзен
наразылық
https://sputnik.kz/img/1037/76/10377615_0:309:2872:1925_1920x0_80_0_0_a642f7dc89652f358fec33121193e281.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. "Кезби" ЖШС мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері бір айға жуық уақытқа созылған наразылықты тоқтатты, деп хабарлайды Ақтау-Лада."Ереуіл аяқталды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, енді мен осы жеңістің жемісін көргім келеді. Елордада бізге ас әзірлеп, қонаққа шақырған барша Қазақстан халқына, көпбалалы аналарға алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, үнемі бізбен бірге болған "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның Құрманғазы Есқазиевке ("ҚазМұнайГаз – Sputnik" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы) үлкен алғыс білдіреміз", - деді "Кезби" ЖШС жұмысшыларының бірі.Жұмысшылар жалақы көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды, міндетті төлемдерді есептеуді және артық жұмыс істеуге жол бермеуді талап еткен болатын.Кейін "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Айгүл Өтешева наразылық білдірушілердің әрекеті заңсыз екенін, серіктестіктегі орташа жалақы 672 500 теңге болатынын жеткізді.Қызметкерлердің өздері жалақы мөлшері туралы БАҚ-тан білді. Бірнеше күн бұрын Жаңаөзенде полиция наразылық білдіруші әріптестерін қолдау үшін сол күні Нұр-Сұлтанға ұшуды жоспарлаған "Кезби" компаниясының бірнеше мұнайшысын ұстады.
https://sputnik.kz/20220421/zhanaozen-munayshylar-miting-video-24352524.html
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1037/76/10377615_72:0:2801:2047_1920x0_80_0_0_5e2fa1708e92cd4fcdf2de7d93ddba8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, наразылық
Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылардың талабы орындалды
10:50 20.05.2022 (жаңартылды: 11:02 20.05.2022) "Кезби" ЖШС атқарушы директоры серіктестікте орташа жалақы 672 500 теңге екенін айтқан болатын
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. "Кезби" ЖШС мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері бір айға жуық уақытқа созылған наразылықты тоқтатты, деп хабарлайды Ақтау-Лада.
"Ереуіл аяқталды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, енді мен осы жеңістің жемісін көргім келеді. Елордада бізге ас әзірлеп, қонаққа шақырған барша Қазақстан халқына, көпбалалы аналарға алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, үнемі бізбен бірге болған "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның Құрманғазы Есқазиевке ("ҚазМұнайГаз – Sputnik" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы) үлкен алғыс білдіреміз", - деді "Кезби" ЖШС жұмысшыларының бірі.
Жұмысшылар жалақы көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды, міндетті төлемдерді есептеуді және артық жұмыс істеуге жол бермеуді талап еткен болатын.
Кейін "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Айгүл Өтешева наразылық білдірушілердің әрекеті заңсыз екенін, серіктестіктегі орташа жалақы 672 500 теңге болатынын жеткізді.
Қызметкерлердің өздері жалақы мөлшері туралы БАҚ-тан білді. Бірнеше күн бұрын Жаңаөзенде полиция наразылық білдіруші әріптестерін қолдау үшін сол күні Нұр-Сұлтанға ұшуды жоспарлаған "Кезби" компаниясының бірнеше мұнайшысын ұстады.