https://sputnik.kz/20241102/resey-elshisi-qazaqstannyn-ortalyq-euraziyadagy-rolin-erekshe-atap-otti-48230929.html
Ресей елшісі Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті
Ресей елшісі Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті , деп хабарлайды Sputnik... 02.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-02T13:38+0500
2024-11-02T13:38+0500
2024-11-02T13:38+0500
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/16/41113736_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_692066fcb6a73e7a3c2dfc3faa668bd5.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін Астанада көпполярлық әлемді қалыптастыру мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті. Сарапшылар Орталық Еуразияның даму болашағын талқыға салды. Ал Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан президентінің орта державалар туралы айтқан сөзін еске алды.Елші Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін де ерекше атап өтті. “Қазақстанның сыртқы саясаттағы конструктивті және теңгерімді бағыт-бағдарын, Астананың Орталық Еуразияда аймақтық тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді рөлін ерекше атап өткен жөн. Қазақстан көп жағдайда осы субаймақта конструктивті өзара әрекет етуге серпін беріп отырады”,-деп атап көрсетті Бородавкин. Айта кетері, бұған дейін Қытай басшысы Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын айтқан. БҰҰ бас хатшысының орынбасары да бұны ерекше атап өтті. Себебі бүгінде дүниежүзі қауымдастығы біздің елімізді орта держава деп атайтын болды.
https://sputnik.kz/20241101/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-khkh-aymaqaralyq-yntymaqtastyq-forumy-ufada-otedi-48224939.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/16/41113736_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_157355813b20f3b183999555adbbfb3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан
Ресей елшісі Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанада көпполярлық әлемді қалыптастыру мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті. Сарапшылар Орталық Еуразияның даму болашағын талқыға салды. Ал Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан президентінің орта державалар туралы айтқан сөзін еске алды.
“Бүгінде бір полярлық немесе екі полярлық әлем келмеске кетті. Біз оны анық көріп отырмыз, сезіп жатырмыз. Осы орайда ұлы державалар жайында ғана емес, орта мен шағын елдерді де айту керек. Әлемде бұл мемлекеттердің саны басым. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Astana Think Tank Forum-ында дәл айтты, қазіргі жағдайда бұл елдердің рөлі барған сайын артып келеді”,- деді Бородавкин.
Елші Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін де ерекше атап өтті. “Қазақстанның сыртқы саясаттағы конструктивті және теңгерімді бағыт-бағдарын, Астананың Орталық Еуразияда аймақтық тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді рөлін ерекше атап өткен жөн. Қазақстан көп жағдайда осы субаймақта конструктивті өзара әрекет етуге серпін беріп отырады”,-деп атап көрсетті Бородавкин.
Айта кетері, бұған дейін Қытай басшысы Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын
айтқан. БҰҰ бас хатшысының орынбасары да бұны ерекше атап
өтті. Себебі бүгінде дүниежүзі қауымдастығы біздің елімізді орта держава деп атайтын болды.