https://sputnik.kz/20241101/mugedektigi-bar-adamdardyn-tek-28-payyzy-zhumyspen-qamtylgan-48197713.html
Мүгедектігі бар адамдардың тек 28 пайызы жұмыспен қамтылған
Мүгедектігі бар адамдардың тек 28 пайызы жұмыспен қамтылған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі небәрі 28%-ды құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау... 01.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-01T08:00+0500
2024-11-01T08:00+0500
2024-11-01T09:26+0500
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
жұмыс
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_5fec94656d3dde9a35a433cf1bd8fb90.jpg
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі небәрі 28%-ды құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті."Мүгедектігі бар адамдар халықтың экономикалық жағынан ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту шаралары қабылданғанына қарамастан, елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі небәрі 28%-ды құрайды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес", - деді Асқарбек Ертаев.Вице-министрдің айтуынша, көптеген кәсіпорындар мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтамайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді."Еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруді, жұмысқа орналасуды немесе жаңа кәсіпке оқытуды қамтитын кәсіби еңбек оңалтуы баяу дамуда. Жұмысқа орналасудағы кедергілерге бейімделген жұмыс орындарының болмауы, тиісті білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі, төмен жалақы кіреді. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын әзірлеу аясында олардың еңбек құқықтарын реттеу, сақтау және қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база қайта қаралатын болады. Бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге квотаны орындамаған жағдайда бюджетке өтемақы төлемдерін енгізу механизмі қарастырылуда", - деп түйді сөзін спикер.
https://sputnik.kz/20240912/zhetisuda-sheneunik-mugedektik-quzhaty-ushin-450-myn-tenge-para-alyp-otyrgan-47052948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_1cf6c4fcd7417efbb910b9e838fef87b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жұмыс
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жұмыс
Мүгедектігі бар адамдардың тек 28 пайызы жұмыспен қамтылған
08:00 01.11.2024 (жаңартылды: 09:26 01.11.2024) АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі небәрі 28%-ды құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті.
"Мүгедектігі бар адамдар халықтың экономикалық жағынан ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту шаралары қабылданғанына қарамастан, елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі небәрі 28%-ды құрайды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес", - деді Асқарбек Ертаев.
Вице-министрдің айтуынша, көптеген кәсіпорындар мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтамайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.
"Еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруді, жұмысқа орналасуды немесе жаңа кәсіпке оқытуды қамтитын кәсіби еңбек оңалтуы баяу дамуда. Жұмысқа орналасудағы кедергілерге бейімделген жұмыс орындарының болмауы, тиісті білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі, төмен жалақы кіреді. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын әзірлеу аясында олардың еңбек құқықтарын реттеу, сақтау және қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база қайта қаралатын болады. Бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге квотаны орындамаған жағдайда бюджетке өтемақы төлемдерін енгізу механизмі қарастырылуда", - деп түйді сөзін спикер.