https://sputnik.kz/20240912/zhetisuda-sheneunik-mugedektik-quzhaty-ushin-450-myn-tenge-para-alyp-otyrgan-47052948.html
Жетісуда шенеунік мүгедектік құжаты үшін 450 мың теңге пара алып отырған
Жетісуда шенеунік мүгедектік құжаты үшін 450 мың теңге пара алып отырған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы... 12.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-12T17:00+0500
2024-09-12T17:00+0500
2024-09-12T17:00+0500
жетісу облысы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1142/95/11429559_0:155:2001:1280_1920x0_80_0_0_8a89f3f24fbd500b8b86b80c7eb33d08.jpg
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы мүгедектік құжатын ұзартқаны үшін пара алған, деп хабарлайды Жоғарғы сот.Сот бір пара алушы, үш делдал мен 5 пара берушіге қатысты сот үкімін шығарды.Сот шешімімен кінәлі деп танылған бөлімнің бұрыңғы басшысы яғни пара алған маман ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша 8,7 млн теңге айыппұл төлейді."Ал үш делдал - травматолог ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша 9 миллион теңге, психиатр мен УЗИ дәрігеріне ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі бойынша сәйкесінше 300 мың теңге және 700 мың теңге (параның 10 еселенген сомасы) айыппұл салуға үкім шығарды. Ал бес пара берушіге Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі бойынша 450 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді Жоғарғы сот.Айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда төленбеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1142/95/11429559_89:0:1866:1333_1920x0_80_0_0_99e71a7c58a84cda2ecd306208b8e3c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, сыбайлас жемқорлық
жетісу облысы, сыбайлас жемқорлық
Жетісуда шенеунік мүгедектік құжаты үшін 450 мың теңге пара алып отырған
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы мүгедектік құжатын ұзартқаны үшін пара алған, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы делдалдар – Панфилов аудандық ауруханасының травматологы, Сарқан аудандық ауруханасының психиатры және Ақсу аудандық ауруханасының УЗИ дәрігері арқылы бес пара берушінің мүгедектігін ұзартқаны және белгілегені үшін бірнеше рет 450 мың теңге пара алған", - деп жазды ведомство.
Сот бір пара алушы, үш делдал мен 5 пара берушіге қатысты сот үкімін шығарды.
Сот шешімімен кінәлі деп танылған бөлімнің бұрыңғы басшысы яғни пара алған маман ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша 8,7 млн теңге айыппұл төлейді.
"Ал үш делдал - травматолог ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша 9 миллион теңге, психиатр мен УЗИ дәрігеріне ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі бойынша сәйкесінше 300 мың теңге және 700 мың теңге (параның 10 еселенген сомасы) айыппұл салуға үкім шығарды. Ал бес пара берушіге Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі бойынша 450 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді Жоғарғы сот.
Айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда төленбеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.