Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері атанды

© Sputnik/Ертай СарбасовРезультаты международного борцовского турнира Поддубного
Результаты международного борцовского турнира Поддубного - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ол 72 келіге дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде есе жіберді. Есеп: 6-10.
Айта кетейік, 28 жастағы бозкілем шебері ересектер арасында 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген болатын.
Осылайша Жәмила қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан.
Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері – Нұрсұлтан Теміров.
Елордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Елордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Жаңалықтар
0