Елордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

© Астана қаласының әкімдіЕлордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Елордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Елордалық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 97 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Ризабек финалда ирандық Махди Морафахты айқын жеңіспен тізе бүктірді.
Ризабек Айтмұханның финалға дейінгі қарсыластары:
1/8 финал – Каллум Виллиам Нокс: 11:0;
1/4 финал – Владислав Козлов 10:0;
1/2 финал – Шамил Имам Гаджалиев 7:4;
Финал – Махди Морафах 11:6.
Айта кетейік, Ризабек 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын, сондай-ақ осы жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік доданың үздігі атанды.
Астанада алғашқы ашық турнирдің чемпионы автокөлікке ие болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2024
Асық ату: Астанада алғашқы ашық турнирдің чемпионы автокөлікке ие болды
Жаңалықтар
0