https://sputnik.kz/20241030/qyzylorda-turgyny-27-zhyl-buryn-satyp-alyngan-pater-endi-gana-menshigine-aynyldyrdy-48186483.html
Қызылорда тұрғыны 27 жыл бұрын сатып алынған пәтер енді ғана меншігіне айнылдырды
Қызылорда тұрғыны 27 жыл бұрын сатып алынған пәтер енді ғана меншігіне айнылдырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қызылорда тұрғыны 27 жыл бұрын сатып алынған пәтер енді ғана меншігіне айнылдырды. 30.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-30T21:46+0500
2024-10-30T21:46+0500
2024-10-30T21:46+0500
қызылорда облысы
пәтер
сот
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қызылорда тұрғыны 27 жыл бұрын сатып алынған пәтер енді ғана меншігіне айнылдырды.Ол 1997 жылы сатушыдан 3 бөлмелі пәтерді 120 мың теңгеге сатып алған. Сатушы пәтерді сату туралы қолхат жазып, сатып алушыға техникалық төлқұжат пен пәтердің кілтін тапсырған.Жоғарғы соттың мәліметінше, сатып алу-сату шарты жасалмаған, пәтер сатып алушының атына рәсімделмеген, құжаттарға сәйкес пәтер сатушының меншігінде қалған.Кейіннен сатып алушы қайтыс болған, ал жесір әйел сатушыдан пәтерді мұрагерлікке оның атына рәсімдеуді сұраған.Сатушы Алматы қаласына көшіп келгендіктен, қазіргі уақытта құжатты рәсімдей алмағандықтан, ол соттан пәтерге меншік құқығын тануын сұраған.Сатушы 1997 жылы пәтердің сатылғанын растай отырып, талап қоюды мойындады.АК-ның 240-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ оны 7 жыл бойына өзінің жылжымайтын мүлкі ретінде адал, ашық және үздіксіз иеленетін азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік құқығына ие болады. Сот отырысында талап қоюшының коммуналдық төлемдер бойынша қарызы жоқтығы, салық төлейтіні және 27 жылдан астам уақыт бойы пәтерді адал, ашық және тұрақты пайдаланып келе жатқаны расталды, - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.Осыны ескере отырып, сот жесір әйелдің пәтерге меншік құқығын мойындады.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20241029/aqmola-oblysynda-apatty-uydin-turgyndary-pater-kezeginen-zansyz-shygarylgan-48153969.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, пәтер, сот
қызылорда облысы, пәтер, сот
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қызылорда тұрғыны 27 жыл бұрын сатып алынған пәтер енді ғана меншігіне айнылдырды.
Ол 1997 жылы сатушыдан 3 бөлмелі пәтерді 120 мың теңгеге сатып алған. Сатушы пәтерді сату туралы қолхат жазып, сатып алушыға техникалық төлқұжат пен пәтердің кілтін тапсырған.
Жоғарғы соттың мәліметінше, сатып алу-сату шарты жасалмаған, пәтер сатып алушының атына рәсімделмеген, құжаттарға сәйкес пәтер сатушының меншігінде қалған.
Кейіннен сатып алушы қайтыс болған, ал жесір әйел сатушыдан пәтерді мұрагерлікке оның атына рәсімдеуді сұраған.
"Сатушы түрлі себептермен қайта тіркеуді кейінге қалдырғандықтан, жесір әйел Қызылорда қалалық сотына пәтерге меншік құқығын тану туралы талап қоюмен жүгінген. Сотта талап қоюшы осы пәтерде 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін тұрғанын, 27 жылдан астам уақыт бойы оның жауапкершілігінің ауыртпалығын арқалап келгенін, яғни коммуналдық және басқа қызметтер үшін барлық төлемдерді төлеп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенін атап көрсеткен", - делінген сот хабарламасында.
Сатушы Алматы қаласына көшіп келгендіктен, қазіргі уақытта құжатты рәсімдей алмағандықтан, ол соттан пәтерге меншік құқығын тануын сұраған.
Сатушы 1997 жылы пәтердің сатылғанын растай отырып, талап қоюды мойындады.
АК-ның 240-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ оны 7 жыл бойына өзінің жылжымайтын мүлкі ретінде адал, ашық және үздіксіз иеленетін азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік құқығына ие болады. Сот отырысында талап қоюшының коммуналдық төлемдер бойынша қарызы жоқтығы, салық төлейтіні және 27 жылдан астам уақыт бойы пәтерді адал, ашық және тұрақты пайдаланып келе жатқаны расталды, - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Осыны ескере отырып, сот жесір әйелдің пәтерге меншік құқығын мойындады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.