Ақмола облысында апатты үйдің тұрғындары пәтер кезегінен заңсыз шығарылған

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Жазылу
Әкім мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің әрекетсіздігі заңсыз деп танылды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Ақмола облысы Щучинск қаласындағы тозығы жеткен үйдегі 11 пәтер иесі өздерінің жаңа баспана алу құқығын қорғап алды.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, үй 1928 жылы салынған, ал 2013 жылы ол апатты деп танылған. Сол кезде пәтер иелері баспана кезегіне қойылыпты.
2014 жылы тұрғын үй комиссиясының шешімімен апатты үйдің тұрғындары үй салынғанға дейін жекешелендіру құқығынсыз басқа тұрғын үйге уақытша көшірілді.
Алайда 2020 жылы олар есептен шығарылды. Бұған себеп ретінде пәтер берілгені көрсетілген.
"Осыған байланысты олардың барлығы аудан әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің үстінен тұрғын үй беруге мәжбүрлеу талабымен олардың әрекеті мен әрекетсіздігін даулап, сотқа шағым түсірді. Ақмола облыстық соты істі Жоғарғы сот жаңадан сот талқылауына жібергеннен кейін бірінші сатыдағы сот принципі бойынша қарады", - деді Жоғарғы сот.
Апелляцияда аудан әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғындардың құқығын бұзғаны анықталды. Әкімге мынадай айып тағылды:
талапкерлерді басқа баспанаға көшірді, бірақ реквизициялау және бұзу мәселелерін шешпеді;
үйді апатты деп тану туралы шешім қабылдамаған, ал бұл шешім көшіру алдында орындалуы керек еді;
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырмаған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі де берілген пәтерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі мәселесін шешпегені анықталды.
"Сот аудан әкіміне тұрғын үйді апатты деп тану процесін аяқтауды, 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес талапкерлердің тең көлемдегі пәтерлерді беру жөніндегі құқықтарын сақтай отырып, тұрғын үй құрылысы мен жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды тапсырды", - делінген хабарламада.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне пәтерлердің санитарлық, қала құрылысы және техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру жүктелді.
Жаңалықтар
0