Астанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты

© Астана қаласының әкімдігіАстанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
Астанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы "Балбырауын" күйін орындады. Өнер әлеміндегі бұл ерекше оқиға Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік "Балбырауын" күйін бір мезгілде күмбірлетті.
© Астана қаласының әкімдігіАстанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
Астанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Астанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
"Астана қаласында осындай домбыра үйірмесіне қатысатын үш мыңнан аса оқушыны жинап, бір мезетте күй орындатып, еліміздің рекордтар кітабына енуді мақсат тұттық. Әдетте күй үйірмесіне қатысушылар әуелі "Балбырауын" күйінен бастап үйренеді ғой, сондықтан күй атасының осы дауылпаз күйі таңдалды. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылардың өнерін бағаламақпыз. Мұндай ауқымдағы іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр", - деді Астана қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру мекемесінің басшысы Ерлан Жалғас.
Бұған дейін ешқашан бір залда 3200-ден астам музыкант күй немесе басқа музыкалық шығарма орындап көрген жоқ. Бұл жөнінде осы іс-шара осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды басып озып отыр.
"Әлем бойынша да ең үлкен музыкалық рекордтардың бірі болғалы отыр деуімізге болады. Десе де біздің негізгі мақсатымыз – ел аймағы бойынша Қазақстан рекордтар кітабына тіркеу. Ал бұл мақсатымызға бүгін толық жеттік деп айта аламыз. Осы процесті арнайы сарапшыларымыз бақылап отырды. Балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы саралады", - деді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Күй мерекесіне мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да үйірмелердің қатысуымен осындай іс-шаралар жиі өткізіледі.
Аманжол Әлтай - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
"Домбыра – харам": Аманжол Әлтай үкіметтен шұғыл шара қолдануды талап етті
Жаңалықтар
0