Көпқабатты үй құлауы мүмкін: Орал тұрғындары әкімдікке жүгінді

© Sputnik / Медиабанкке өтуМногоэтажный дом. Архивное фото
Многоэтажный дом. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қазан - Sputnik. Оралда тоғыз қабатты үй құлап кетуі мүмкін. Көпқабатты үйінің тұрғындары әкімдіктен көмек сұрады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
29 қазанда Мөңкеұлы 108/5 мекен-жайындағы үйдің тұрғындары қала әкімдігінен көмек сұрап барды. Айтуларынша, өздері тұратын тоғыз қабатты үй құлап кетуі мүмкін.
Көптеген шағымдардан кейін көпқабатты үйдің кірпіші алынып тасталған. Мердігер құрылысшы үйді сылап, минералды жүнмен оқшаулап, кірпішті қайта салады. Алайда мамандардың жетіспеушілігінен жұмыс ұзаққа созылған. Тұрғындар күн суығанға дейін кірпіші қаланбайды деп алаңдайды. Ескі кірпіштің бөлшектелгендіктен терезелер арасында үлкен саңылаулар пайда болған. Салдарынан ыстық құбырларға қарамастан, үй өте суық.
Жобаның тапсырыс берушісі ОСИ және "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ, жөндеу жұмыстарын "Караванный путь" ЖШС орындайды. Компания директоры Қайрат Темірғалиев үйдің қабырғасының сыртқы бөлігі сыланғанын, кірпіші қаланғанын түсіндірді, бірақ дәл осы жерде тас қалаушылардың жетіспеушілігінен мәселе туындаған. Жоба 2021 жылы жоспарланған болатын, ол кезде кірпіш төсеу бағасы бір шаршы метрге 3800 теңге болған. Темірғалиев тас қалаушылардың төлемін 11 мың теңгеге дейі көтергеніне қарамастан, ешкім жұмыс істегісі келмейтінін айтты
"Бір бригада жұмыс істей бастады, бірінші қабатты бітірді, содан кейін олардың құрамы өзгерді, әрі қарай жұмыс сапасыз жүргізіле бастады. Техникалық қадағалаушы екеуміз жұмысты екі рет қайта жасауға мәжбүр болдық, бірақ кейінірек бригада жұмыс істеуден бас тартты. Біз әлі де жұмысшыларды іздеудеміз. Су тасқынына байланысты тас қалаушылардың қызметтері шамамен 30% қымбаттады. Тас қалаушылар бір шаршы метрге 15 мың теңге сұрайды. Бүгін олар келді - бригада 16 мың сұрады", — деді "Караванный путь" ЖШС директоры.
Қайрат Темірғалиевтің айтуынша, техникалық тексеру бойынша үй құламайды және апатты жағдайда емес.
"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ өкілі жобаны түзету мүмкін екенін, бірақ бюджетте ақша жоқ екенін айтты.
Қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов бұл мәселеде әкімдік медиативті тарап екенін айтты, бірақ соған қарамастан жұмыс тезірек жүріп, суық ауа райына дейін аяқталуы үшін тас қалаушыларды табуға көмектесуге уәде берді. Бұл мәселе бойынша келесі жиналыс 31 қазан, бейсенбіге жоспарланған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Ақмола облысында апатты үйдің тұрғындары пәтер кезегінен заңсыз шығарылған
Жаңалықтар
0