Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды

© Photo : Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіРизабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Жазылу
Ол болашақта Олимпиада алтынын алу үшін бәрін жасауға уәде берді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды.
Ризабек 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда ирандық қарсыласын айқын жеңді.
Өткен жылы Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында әлем чемпионы атанды – бұл Қазақстан тарихындағы еркін күрес балуандары арасындағы алғашқы алтын.
Ал биыл 20 жастағы Айтмұхан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Ризабек Айтмухан стал победителем чемпионата мира в Белграде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар
0