Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

© Photo : Пресс-служба НОК КазахстанаРизабек Айтмухан стал победителем чемпионата мира в Белграде
Ризабек Айтмухан стал победителем чемпионата мира в Белграде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді президент.
Жаңалықтар
0