Қазақстандықтар Камбоджаға тікелей ұша алады

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2024
Жазылу
24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды
АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық "SCAT" әуекомпаниясы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады көлік министрлігі.
Қазан айынан бастап "SCAT" әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейсін іске қосады.
" 24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, ал Алматыдан алғашқы рейс 29 қазанға жоспарланған", - деп жазды ведомство.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалады.
Лайнер Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2024
Qazaq Air халықаралық бағыттарға егде жастағы адамдарға арналған тариф енгізді
Жаңалықтар
0