Qazaq Air халықаралық бағыттарға егде жастағы адамдарға арналған тариф енгізді

© Photo : Пресс-служба Qazaq AirЛайнер Qazaq Air
Лайнер Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. QAZAQ AIR әуекомпаниясы халықаралық бағыттарда жастарға, егде жастағы адамдарға арналған тарифтердің енгізілгенін хабарлады.
Жас шектеуі бар тарифті 60 жастан асқан әйелдер мен ерлер және 16 жастан 22 жасқа дейінгі жастар (21 жыл қоса алғанда) пайдалана алады. Әуе компаниясы ішкі рейстерге де мұндай тарифтің қолданылып келе жатқанын еске салды.
Аталған тариф бойынша билетті сатып алу үшін веб-сайтқа кіріп, сапардың бағыты мен күнін көрсеткеннен соң, ашылмалы тізімнен жасын ескере отырып, жолаушы қай санатқа жататынын таңдау қажет. Әрі қарай ұшу опциялары бар бет жүктеледі. Арнайы ашылған бетте тарифті таңдап, жеке деректерді толтырып, билетті төлеуге көшу керек.
Әуе компаниясы билеттерді flyqazaq.com сайтынан, QAZAQ AIR кассасы арқылы сатып алуға болатынын еске салды.
"Мұндай тарифтің артықшылығы – төмендетілген баға. Сонымен қатар, билетті сатып алудың тағы тиімді тұсы – жасына байланысты тарифтер ыңғайлы. Себебі, мұнда рейс күнін өзгертуге шектеулер жоқ, қайтару айыппұлсыз және жүк билет құнына кіреді. Сонымен қатар, жолаушы билетті рейсте орын болған жағдайда тегін қайта брондай алады", - деп атап өтті әуе компаниясының ресми өкілі Ақбота Орынбаева.
Самолет Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2024
Қазақстандықтар кейбір қалаларға арзан бағамен ұша алады - Qazaq Air
Жаңалықтар
0