Қазақстандықтар кейбір қалаларға арзан бағамен ұша алады - Qazaq Air

Самолет Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2024
Жазылу
Компания жыл сайын қандай рейстердің субсидияланатыны туралы айтты
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Qazaq Air авиакомпаниясы құны белгіленген негізгі бағыттарды атады.
"Биыл Qazaq Air авиакомпаниясы бірқатар маршрутты субсидияланған бағамен жүзеге асырады. Қазақстандықтар мен ел қонақтары Қазақстан ішінде қолжетімді бағамен 5 бағыт бойынша ұша алады. Бұл бағыттарға билеттер өңірлік авиатасымалдардың қолжетімділігін арттыру үшін арнайы тарифтер бойынша сатылады",- деп түсіндірдікомпанияның баспасөз қызметі.
Бұл маршруттар:
Алматы - Көкшетау - Алматы (сәрсенбі, жұма, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 30000 теңге;
Астана - Петропавл - Астана (күн сайын). Авиабилеттердің құны - 15 000 теңге;
Түркістан - Ақтөбе - Түркістан (дүйсенбі, жұма, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 27 000 теңге;
Түркістан - Қостанай - Түркістан (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 27 000 теңге;
Жезқазған - Шымкент - Жезқазған (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі). Авиабилеттердің құны-15 000 теңге.
14 жасқа дейінгі балаларға авиабилеттерге 50% жеңілдік жасалады. Сондай-ақ авиабилеттердің құнына 5 килограмға дейін қол жүгі мен 20 килограмға дейінгі багаж тасымалы кіреді.
Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару айыппұлсыз рұқсат етіледі.
Билеттерді ресми сайттан, сондай-ақ авиакомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады.
Жаңалықтар
0