https://sputnik.kz/20241025/astanada-madeniet-salasy-qyzmetkerlerine-pater-sertifikattary-tabystaldy-48083243.html
Астанада мәдениет саласы қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды
Астанада мәдениет саласы қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Республика күні мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттары салтанатты түрде... 25.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-25T15:57+0500
2024-10-25T15:57+0500
2024-10-25T15:57+0500
баспана
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/19/48083338_0:60:1280:780_1920x0_80_0_0_55bda216be536e5062f71e3e4d3b4a56.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Республика күні мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттары салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Негізінен пәтер иегерлері – ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жалғызбасты аналар.Жаңа пәтерге ие болған жандардың бірі – Самал Әжмұратова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Қазақ ұлттық өнер университетінде 16 жылдан бері педагог болып жұмыс істейді."Бүгін менің отбасым үшін жаңа бір кезеңнің бастауы, өйткені біздің өз үйіміз болған жоқ. Пәтер алуға көмектескендерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Мұндай бастама – өз елінің игілігі үшін еңбек етіп жүрген қызметкерлерге үлкен қолдау", – деді Самал Әжмұратова.Баспаналы болған азаматтарды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады."2021 жылдан бастап азаматтар зейнетақы жинақтарын пайдаланып, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алды. Осы уақыт ішінде 2 миллионға жуық қазақстандық бұл мүмкіндікті пайдаланды. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемі айтарлықтай артты. Үкімет мұндай тұрғын үй көлемін төрт есе арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы президент атынан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне 65 пәтердің кілті табысталған болатын. Биыл бұл бастама жалғасын тауып, 67 жаңа пәтер берілді. Бүгінгі мәдениет саласы қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын тапсыру – мемлекет басшысы саясатының заңды жалғасы. Мәдениет саласы – қоғам дамуының маңызды элементі, сондықтан ол мемлекеттің назарында болады", – деді министр.
https://sputnik.kz/20241022/baspana-kezegi-otbasy-bankine-beriledi--negizgi-ozgerister-48012144.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/19/48083338_76:0:1213:853_1920x0_80_0_0_80c90a13e86e04180c647ac7748e9864.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана
Астанада мәдениет саласы қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Республика күні мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттары салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Негізінен пәтер иегерлері – ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жалғызбасты аналар.
Жаңа пәтерге ие болған жандардың бірі – Самал Әжмұратова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Қазақ ұлттық өнер университетінде 16 жылдан бері педагог болып жұмыс істейді.
"Бүгін менің отбасым үшін жаңа бір кезеңнің бастауы, өйткені біздің өз үйіміз болған жоқ. Пәтер алуға көмектескендерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Мұндай бастама – өз елінің игілігі үшін еңбек етіп жүрген қызметкерлерге үлкен қолдау", – деді Самал Әжмұратова.
Баспаналы болған азаматтарды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады.
"2021 жылдан бастап азаматтар зейнетақы жинақтарын пайдаланып, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алды. Осы уақыт ішінде 2 миллионға жуық қазақстандық бұл мүмкіндікті пайдаланды. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемі айтарлықтай артты. Үкімет мұндай тұрғын үй көлемін төрт есе арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы президент атынан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне 65 пәтердің кілті табысталған болатын. Биыл бұл бастама жалғасын тауып, 67 жаңа пәтер берілді. Бүгінгі мәдениет саласы қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын тапсыру – мемлекет басшысы саясатының заңды жалғасы. Мәдениет саласы – қоғам дамуының маңызды элементі, сондықтан ол мемлекеттің назарында болады", – деді министр.