Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

© Photo : Погранслужба КНБ Республики КазахстанСайгачьи рога
Сайгачьи рога - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның "Киберпол" қызметкерлері жүргізген.
"Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы Қытай азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді.Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған. Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда", — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2024
Құны 1,2 млрд теңге: Жетісуда үйдің шатырынан төрт жүзден астам мүйіз табылды
Жаңалықтар
0