https://sputnik.kz/20241016/deputat-khalyqtyn-qaltasyn-qagyp-zhurgen-anshiler-men-aytyskerlerge-qarsy-shyqty-47886705.html
Депутат халықтың қалтасын қағып жүрген әншілер мен айтыскерлерге қарсы шықты
Депутат халықтың қалтасын қағып жүрген әншілер мен айтыскерлерге қарсы шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Депутат Амантай Жарқынбек әлеуметтік желіде “аңқау елге-арамза молда” болған әншілер мен айтыскерлерге қарсы шықты, деп хабарлайды... 16.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-16T19:26+0500
2024-10-16T19:26+0500
2024-10-16T19:26+0500
әлеуметтік желілер
блогер
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33588675_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c3065ee448c971862abd58c6e8abb7a6.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Депутат Амантай Жарқынбек әлеуметтік желіде “аңқау елге-арамза молда” болған әншілер мен айтыскерлерге қарсы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілісменнің айтуынша, бүгінде әлеуметтік желілердегі арзан ақыл, сапасыз білім сатқыштар көбейіп кетті. Бақытқа жету жолын көрсетемін, жылдам баюды үйретемін, күйзелістен құтқарамын, түпсанаңды түзетемін, бір айда жұлдызға айналдырамын, тез арықтатамын, шет тілінде сайратып жіберемін дейтін сан алуан вебинар-тренингтер қаптап жүр. Ал оны сататындар – блогер, бизнес-тренер, коуч, психолог пен мотиваторлар.Ал оларды ешкім қадағаламайды. Соның салдарынан талай отбасының шаңырағы ортасына түсті.“Олардың көпке ұсынып отырған сабақтары біздің ұлттық құндылықтарымызға, “Неке және отбасы туралы” заңына қаншалықты сай екендігін тексеріп, талдап жатқан ешкім де жоқ! Сөйте тұра кебір деректерде еліміздегі осындай инфо бизнестің жылдық айналымы 500 миллион АҚШ долларын құрайтыны айталған. Болжам бойынша алдағы 5 жылда 2 миллард долларға жетуі мүмкін дейді. Айтпақшы, олар мемлекетке салық төлей ме өзі?!”,-дейді депутат.Осы орайда Жарқынбек үкімет пен ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, бизнес платформаларының мазмұны мен идеологиясын тексеріп шығуды талап етті. Ал бизнес-тренерлер мен коучтер үшін арнайы, кәсіби стандарттар бекітілуі шарт.
https://sputnik.kz/20230717/blogerler-kasipker-retinde-tirkelui-kerek--zhana-zannyn-talaptary-36846065.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33588675_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_751261f8296827b8384ff839416865c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, блогер, депутат
әлеуметтік желілер, блогер, депутат
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Депутат Амантай Жарқынбек әлеуметтік желіде “аңқау елге-арамза молда” болған әншілер мен айтыскерлерге қарсы шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісменнің айтуынша, бүгінде әлеуметтік желілердегі арзан ақыл, сапасыз білім сатқыштар көбейіп кетті. Бақытқа жету жолын көрсетемін, жылдам баюды үйретемін, күйзелістен құтқарамын, түпсанаңды түзетемін, бір айда жұлдызға айналдырамын, тез арықтатамын, шет тілінде сайратып жіберемін дейтін сан алуан вебинар-тренингтер қаптап жүр. Ал оны сататындар – блогер, бизнес-тренер, коуч, психолог пен мотиваторлар.
“Аңқау елге арамза молда” демекші, олардың арасында елге танымал шоу-бизнес өкілдері, айтыскерлер де бар. Оларды ауызекі тілде “инфосығандар”деп атайды. Олардың жүздеген мың теңгеге бағаланған сабақтарын жұрт тіпті несие рәсімдеп сатып алып, кейін қарызға белшесінен батып қалғаны да жасырын емес. Елдің еңсемді көтерсем деген адал үмітін арам жолмен пайдаға айналдырғандарды қалай атауға болады”,- деді Жарқынбек мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал оларды ешкім қадағаламайды. Соның салдарынан талай отбасының шаңырағы ортасына түсті.
“Олардың көпке ұсынып отырған сабақтары біздің ұлттық құндылықтарымызға, “Неке және отбасы туралы” заңына қаншалықты сай екендігін тексеріп, талдап жатқан ешкім де жоқ! Сөйте тұра кебір деректерде еліміздегі осындай инфо бизнестің жылдық айналымы 500 миллион АҚШ долларын құрайтыны айталған. Болжам бойынша алдағы 5 жылда 2 миллард долларға жетуі мүмкін дейді. Айтпақшы, олар мемлекетке салық төлей ме өзі?!”,-дейді депутат.
Осы орайда Жарқынбек үкімет пен ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, бизнес платформаларының мазмұны мен идеологиясын тексеріп шығуды талап етті. Ал бизнес-тренерлер мен коучтер үшін арнайы, кәсіби стандарттар бекітілуі шарт.