https://sputnik.kz/20230717/blogerler-kasipker-retinde-tirkelui-kerek--zhana-zannyn-talaptary-36846065.html
Блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелуі керек – жаңа заңның талаптары
Блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелуі керек – жаңа заңның талаптары
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17шілде – Sputnik. Президент "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға қол қойды. Бұдан былай блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін... 17.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-17T14:33+0500
2023-07-17T14:33+0500
2023-07-17T14:33+0500
айыппұл
блогер
салық
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_0:181:2997:1866_1920x0_80_0_0_6a0896969554e799f996ade07d1a029c.jpg
АСТАНА, 17шілде – Sputnik. Президент "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға қол қойды. Бұдан былай блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Ал жарнама жасайтындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт. Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын ұсынады.Жаңа заңның негізгі нормаларыТоқаев қол қойған заңда "онлайн-платформа пайдаланушысы" және "инфлюенсер (блогер)" деген ұғымдардың анықтамасы жазылды. Сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.Ал онлайн-платформа иелері жалған ақпаратпен күрес және салықтан жалтару бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндеттеледі. Ол үшін интернет платформаның заңды өкілі белгіленеді. Ал платформаның өзінде пайдаланушылардың санын анықтайтын бағдарлама орнатылады.Заңға қайшы контент анықталған жағдайда заңды өкілге ол ақпаратты жоюға хабар беріледі. Талап орындалмаса, құзіретті орган онлайн-платформаның қызметін шектеуге құқылы. Ал адам өміріне қауіп төндіретін контент жарияланса, онлайн-платформаның заңды өкілі құқық қорғау органдарына хабар беруге тиіс. Балаға кибербуллинг жасалған жағдайда ондай аккаунттар бұғатталуы шарт.Сондай-ақ заңда онлайн-платформалардың интерфейсіне мемлекеттік тілді интеграциялау міндеті енгізілді. Сонда қазақ тіліндегі контент те қадағаланады.Өлім мен салықтан құтыла алмайдыБүгінде жарнаманың алпыс пайызы интернетте жарияланады. Оның көлемі триллиондаған ақша болуы мүмкін. Заң бойынша интернет арқылы табыс табатын блогерлер енді салық төлеуге міндеттеледі."Шетелдің мақалы бар: кез келген адам өлім мен салықтан құтыла алмайды деген. Олай болса, біздің замандастарымыз да, журналистеріміз де айтып отыр: неге біз барлығы үшін салық төлейміз, ал интернетте миллиардтап, миллиондап ақша жинап жатқан азаматтар мемлекеттік қазынаға бір тиын да құймайды деген мәселені қойып отыр. Осы себепті де жарнаманың сан алуан түрін заңға бекітіп, алдағы уақытта мұның барлығын, ең алдымен Кәсіпкерлік кодекске және жыл соңында келетін Салық кодексіне енгізіп, сұр экономикада жүрген дүниенің барлығын ашық алаңға шығаруға, мемлекет қазынасын толтыруға пайдалану қажет", - дейді депутат Айдос Сарым.Интернетте жарнамамен ақша табатын адамдар қыркүйек айына дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Сондай-ақ өз парақшасында онлайн-жарнама жариялағанда жарнаманың белгісін қоюға міндетті.Жалған ақпарат үшін жауапкершілікЗаң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жалған ақпарат үшін салынатын айыппұл. Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске "456-2" деген жаңа бап енгізіледі. Онда онлайн платформа пайдаланушылары мен блогерлерге жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.Әкімшілік айыппұл сомасы:Ал құқық бұзушылық бір жылда қайталанса, айыппұлдың көлемі екі есеге өседі. Тіпті, қамауға алу жазасын да қолдануы мүмкін:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_132:0:2863:2048_1920x0_80_0_0_93640187f4d7e10d34ef84489340d0a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер кәсіпкер тоқаев салық айыппұл
блогер кәсіпкер тоқаев салық айыппұл
АСТАНА, 17шілде – Sputnik. Президент "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға қол қойды. Бұдан былай блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Ал жарнама жасайтындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт.
Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын ұсынады.
Жаңа заңның негізгі нормалары
Тоқаев қол қойған заңда "онлайн-платформа пайдаланушысы" және "инфлюенсер (блогер)" деген ұғымдардың анықтамасы жазылды. Сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Ал онлайн-платформа иелері жалған ақпаратпен күрес және салықтан жалтару бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндеттеледі. Ол үшін интернет платформаның заңды өкілі белгіленеді. Ал платформаның өзінде пайдаланушылардың санын анықтайтын бағдарлама орнатылады.
Заңға қайшы контент анықталған жағдайда заңды өкілге ол ақпаратты жоюға хабар беріледі. Талап орындалмаса, құзіретті орган онлайн-платформаның қызметін шектеуге құқылы. Ал адам өміріне қауіп төндіретін контент жарияланса, онлайн-платформаның заңды өкілі құқық қорғау органдарына хабар беруге тиіс. Балаға кибербуллинг жасалған жағдайда ондай аккаунттар бұғатталуы шарт.
Сондай-ақ заңда онлайн-платформалардың интерфейсіне мемлекеттік тілді интеграциялау міндеті енгізілді. Сонда қазақ тіліндегі контент те қадағаланады.
Өлім мен салықтан құтыла алмайды
Бүгінде жарнаманың алпыс пайызы интернетте жарияланады. Оның көлемі триллиондаған ақша болуы мүмкін. Заң бойынша интернет арқылы табыс табатын блогерлер енді салық төлеуге міндеттеледі.
"Шетелдің мақалы бар: кез келген адам өлім мен салықтан құтыла алмайды деген. Олай болса, біздің замандастарымыз да, журналистеріміз де айтып отыр: неге біз барлығы үшін салық төлейміз, ал интернетте миллиардтап, миллиондап ақша жинап жатқан азаматтар мемлекеттік қазынаға бір тиын да құймайды деген мәселені қойып отыр. Осы себепті де жарнаманың сан алуан түрін заңға бекітіп, алдағы уақытта мұның барлығын, ең алдымен Кәсіпкерлік кодекске және жыл соңында келетін Салық кодексіне енгізіп, сұр экономикада жүрген дүниенің барлығын ашық алаңға шығаруға, мемлекет қазынасын толтыруға пайдалану қажет", - дейді депутат Айдос Сарым.
Интернетте жарнамамен ақша табатын адамдар қыркүйек айына дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Сондай-ақ өз парақшасында онлайн-жарнама жариялағанда жарнаманың белгісін қоюға міндетті.
Жалған ақпарат үшін жауапкершілік
Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жалған ақпарат үшін салынатын айыппұл. Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске "456-2" деген жаңа бап енгізіледі. Онда онлайн платформа пайдаланушылары мен блогерлерге жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік айыппұл сомасы:
жеке тұлғалар үшін 20 АЕК (69 000 теңге);
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін – 30 АЕК (103 500 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар үшін - 40 АЕК (138 000 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 80 АЕК (276 000 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК (345 000 теңге).
Ал құқық бұзушылық бір жылда қайталанса, айыппұлдың көлемі екі есеге өседі. Тіпті, қамауға алу жазасын да қолдануы мүмкін:
жеке тұлғаларға - 40 АЕК (138 000 теңге) немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу;
блогерлерге - 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу;
шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК (207 000 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК (414 000 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 250 АЕК (862 500 теңге).