Қазақстандық әуе компаниялары Будапешт, Рига, Вена және Мюнхенге рейс ашуды жоспарлап отыр

© AP Photo / Armando FrancaСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық әуе компаниялары Будапешт, Рига, Вена және Мюнхенге рейстер ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың 5 елімен (Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) тікелей әуе қатынасы орнатылды және аптасына 2 қазақстандық және 3 еуропалық әуе компаниямен 34 рейс орындалады. Жаз мезгілінде елдер саны 6-ға (Греция) дейін артады", - делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембургте өткен Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысына қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы келісім мәтінінің редакциясына қол қойылды.
Бұл ретте тараптар арасындағы әуе қатынасын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. Орта мерзімді перспективада қазақстандық әуекомпаниялар Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашуды жоспарлап отыр.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді
Жаңалықтар
0