https://sputnik.kz/20240616/astana--seul-bagyty-boyynsha-aue-qatynasy-qalpyna-keltirildi-44994004.html
Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді
Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті. 16.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-16T20:53+0500
2024-06-16T20:53+0500
2024-06-16T20:53+0500
сеул
астана
әуе қатынасы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/19/41822631_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_bed3203eeb4e975cabe3cb334773d175.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті.Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Астана - Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады. Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Еске салсақ, Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі елдің астаналары – Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасын қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті.
сеул
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/19/41822631_50:0:2781:2048_1920x0_80_0_0_69f4256d67c9accd1b69ff01fa793b63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сеул, астана, әуе қатынасы
сеул, астана, әуе қатынасы
Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті.
Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Астана - Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.
Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Еске салсақ, Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі елдің астаналары – Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасын қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті.