Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті

© Photo : Көлік министрлігіШығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Жазылу
Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданы арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрлік көпір арнайы сынақтан өтті, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір.
Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.
"Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады", - деп жазылған хабарламада.
Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2024
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0