https://sputnik.kz/20241012/ashyqtyq-pen-adildik-qazhet-deputat-talgardagy-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi-47803537.html
"Ашықтық пен әділдік қажет": депутат Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
"Ашықтық пен әділдік қажет": депутат Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бұрынғы білім министрі, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik... 12.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-12T16:46+0500
2024-10-12T16:46+0500
2024-10-12T16:47+0500
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798585_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c50a0031c144616216c4e8c96a0dc178.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бұрынғы білім министрі, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін Талғарда бір топ адам 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіріп кетті. Ал бүгін түнде белгісіз біреулер марқұмның үйін өртеп жіберді.Оның айтуынша, ешкім жазадан құтылып кетпеуі керек. Бұл қылмыс құқық қорғау органдарында жүйелі реформаларды іске асыру қажеттігін де көрсетіп отыр."Бұл қайғылы оқиғаны қасақана түрде жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Сондықтан қазір арандатуға бой алдырмау, әділ жазаны қамтамасыз ету және құқық қорғау жүйесінде терең, жүйелі реформалар жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру аса маңызды. Бұл іс бас прокурордың бақылауына алынған, ал отбасы полиция қорғауында. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді жазалап, құқықтық жүйенің барлық қаһарлы күшін көрсету маңызды", - деп атап көрсетті экс-министр.
https://sputnik.kz/20241012/sherzat-bolattyn-uyi-ortendi-tuystary-oqiganyn-man-zhayyn-aytty-47793478.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0c/47798585_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6d3ca27af592e80f3267413d9872f33a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
"Ашықтық пен әділдік қажет": депутат Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
16:46 12.10.2024 (жаңартылды: 16:47 12.10.2024) АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Бұрынғы білім министрі, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін Талғарда бір топ адам 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіріп кетті. Ал бүгін түнде белгісіз біреулер марқұмның үйін өртеп жіберді.
"Талғарда болған қайғылы оқиға жаға ұстатты. Жас жігітті өлтіріп, отбасының үйін өртеп жіберген жауыздық, хайуандық және әділетсіз қылмыс бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бұл оқиға тек құқық қорғау органдарына ғана емес, бүкіл қоғамға сын. Бұл істі тергеуде барынша ашықтық пен әділдік қажет. Кінәлілердің барлығы заң алдында жауапқа тартылып, өз жазасын алуы тиіс", - дейді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, ешкім жазадан құтылып кетпеуі керек. Бұл қылмыс құқық қорғау органдарында жүйелі реформаларды іске асыру қажеттігін де көрсетіп отыр.
"Бұл қайғылы оқиғаны қасақана түрде жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Сондықтан қазір арандатуға бой алдырмау, әділ жазаны қамтамасыз ету және құқық қорғау жүйесінде терең, жүйелі реформалар жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру аса маңызды. Бұл іс бас прокурордың бақылауына алынған, ал отбасы полиция қорғауында. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді жазалап, құқықтық жүйенің барлық қаһарлы күшін көрсету маңызды", - деп атап көрсетті экс-министр.