Бюджет қаражатын ұтысқа тіккен: Ақтөбедегі спорт мектептерінде тергеу жүргізіліп жатыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевИгромания, иллюстративное фото
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Ақтөбедегі спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге ұтысқа тіккен, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
"Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз жұмсаған. Бұл қаражат мектеп басшылары өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыстарға жұмсаған. Сонымен қатар "Ақтөбе" футбол клубы командасы әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам қымбат бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алған", - дейді ведомство.
Қазіргі күні ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2024
Маңғыстауда борышкер баласына қимаған ақшаны букмекерлік кеңсеге салып жіберген
Жаңалықтар
0