https://sputnik.kz/20240610/mangystauda-boryshker-balasyna-qimagan-aqshany-bukmekerlik-kensege-salyp-zhibergen-44876842.html
Маңғыстауда борышкер баласына қимаған ақшаны букмекерлік кеңсеге салып жіберген
Маңғыстауда борышкер баласына қимаған ақшаны букмекерлік кеңсеге салып жіберген
Sputnik Қазақстан
Ол 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңседегі өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T22:52+0500
2024-06-10T22:52+0500
2024-06-10T22:52+0500
борышкерлер
алимент
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256608_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_f12bc36b49dff080f20ae3181bf0eefe.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысының прокурорлары алимент төлемей жүрген 13 борышкердің 73,3 млн теңге табысты жасырғанын анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.Атап айтқанда, алимент бойынша борышкерлердің бірі 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңседегі өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған.Аталған факт бойынша прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша тергеп-тексеруді бастады.Жыл басынан прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеп-тексеру басталды, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы қатаң ескертеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256608_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_9fc4a539124944e12cd34998c1e53a9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
борышкерлер, алимент
Маңғыстауда борышкер баласына қимаған ақшаны букмекерлік кеңсеге салып жіберген
Ол 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңседегі өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысының прокурорлары алимент төлемей жүрген 13 борышкердің 73,3 млн теңге табысты жасырғанын анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Атап айтқанда, алимент бойынша борышкерлердің бірі 2023-2024 жылдары букмекерлік кеңседегі өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған.
"Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында жалақысы 85 мың теңгелік жұмысқа формалды түрде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Аталған факт бойынша прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша тергеп-тексеруді бастады.
Жыл басынан прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеп-тексеру басталды, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.
Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы қатаң ескертеді.