https://sputnik.kz/20241010/ukimet-aqtaudyn-zhylu-zhelilerin-rekonstruktsiyalauga-5-mlrd-boldi-47719014.html
Үкімет Ақтаудың жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд бөлді
Үкімет Ақтаудың жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд бөлді
Sputnik Қазақстан
Қаладағы жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері жаңартылмаған 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T08:45+0500
2024-10-10T08:45+0500
2024-10-10T08:45+0500
жылу желісі
ақтау
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_bc8c4ad912d6bca868c3fdf2980aae27.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Үкімет Ақтау қаласының магистральды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Құжат жобаны іске асыру үшін қаржыны Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.Бұған дейін мердігер ұйымның қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистральды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет.Айта кетері, Ақтау қаласының жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері жаңартылмаған.
https://sputnik.kz/20240904/aqtauda-zhylu-zhelilerin-zhangyrtu-2026-zhylga-deyin-zhalgasady-46797904.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_109:0:1870:1321_1920x0_80_0_0_025f9186afa866f529984746e5e6a760.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу желісі, ақтау
Үкімет Ақтаудың жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд бөлді
Қаладағы жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері жаңартылмаған
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Үкімет Ақтау қаласының магистральды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат жобаны іске асыру үшін қаржыны Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.
"Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде автомобиль жолының ең тозығы жеткен ұзындығы 11,5 км учаскесін реконструкциялауға бағытталады", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Бұған дейін мердігер ұйымның қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистральды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет.
Айта кетері, Ақтау қаласының жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері жаңартылмаған.