Ақтауда жылу желілерін жаңғырту 2026 жылға дейін жалғасады

Отопление
Отопление - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2024
Жазылу
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында жылу желілерінің тозуы 79%-ды құрайды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасы бекітіледі, деп хабарлайды 24KZ.
Ақтауда қалалық жылу магистралін қайта жаңғырту және ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Ауқымды жұмыс бірнеше кезеңге бөлінді. Мамандар қыркүйек айының соңына дейін диаметрі әртүрлі 11 шақырымнан астам құбыр тартуы керек.
Бұл құбырдың 8 шақырымы қазір орнатылған. Жылыту маусымының басталуына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгеруэу үшін 180 адам қызу еңбек етуде. Бұл жұмыстарға 80 техника жұмылдырылған.
“Құрылыс-монтаж жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, өйткені, өздеріңіз білетіндей, Ақтауда жылу беру маусымы орта есеппен 10-15 қазанда басталады. Осы уақытқа дейін бізде желілерді қысымды сынауға қатысты технологиялық жұмыстар бар”, - деп келтіреді арна Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Естекбаевтың сөзін.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында жылу желілерінің тозуы 79%-ды құрайды.
Жаңалықтар
0