https://sputnik.kz/20241009/mazhiliste-kreditti-keshiru-maselesi-koterildi-47710628.html
Мәжілісте кредитті кешіру мәселесі көтерілді
Мәжілісте кредитті кешіру мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ, фракция депутаттары бас прокуратурадан заңсыз рәсімделген кредиттер бойынша банктерге қатысты тергеу бастауды талап етті 09.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-09T17:53+0500
2024-10-09T17:53+0500
2024-10-09T17:53+0500
кредит
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471655_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ba7452922bf37864c040f1d464c2b092.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерді есептен шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Асхат Рақымжановтың айтуынша, бүгінде алаяқтардан зардап шеккен азаматтардың саны күн сайын өсіп келеді. eGov.kz арқылы кредит алуға шектеу қою қызметі де көмектеспей жатады. Алаяқтар бір адамға 20-40 миллион теңгенің кредитін іліп кетеді.Осы орайда депутат ЖСДП фракциясының онлайн кредиттерге толығымен тыйым салу бастамасын қолдайтынын да жеткізді."Сондай біздің фракция банктердің кесірінен зардап шеккен азаматтардың кредитін кешіру керек деп санайды. Оны банктердің есебінен жасау қажет. Сонда олар өз ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін күшейтуге мүдделі болады", - деп атап көрсетті Рақымжанов.Сондай-ақ, фракция депутаттары бас прокуратурадан заңсыз рәсімделген кредиттер бойынша банктерге қатысты тергеу бастауды талап етті.
https://sputnik.kz/20240916/endi-kredit-aludan-sheksiz-merzimge-bas-tartuga-bolady-47120972.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471655_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4cb0386efbd1f59202c1047f2fd54792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, мәжіліс
Мәжілісте кредитті кешіру мәселесі көтерілді
Сондай-ақ, фракция депутаттары бас прокуратурадан заңсыз рәсімделген кредиттер бойынша банктерге қатысты тергеу бастауды талап етті
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерді есептен шығаруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Асхат Рақымжановтың айтуынша, бүгінде алаяқтардан зардап шеккен азаматтардың саны күн сайын өсіп келеді.
eGov.kz арқылы кредит алуға шектеу қою қызметі де көмектеспей жатады. Алаяқтар бір адамға 20-40 миллион теңгенің кредитін іліп кетеді.
"Ондай қылмыстық схемаларға банк қызметкерлері де қатысуы мүмкін. Себебі әдетте табысы сай келмейтін адамдарға кредит бермей жатады. Бірақ бізге түсіп жатқан арыздарға қарағанда жағдай мүлдем басқаша болып тұр. Зейнеткердің атына да бірнеше кредитті заңсыз рәсімдеп жатады. Демек, бұл мәселені банктің өзінде реттемесе, ондай жағдайлар болмайтын еді", - дейді Рақымжанов.
Осы орайда депутат ЖСДП фракциясының онлайн кредиттерге толығымен тыйым салу бастамасын қолдайтынын да жеткізді.
"Сондай біздің фракция банктердің кесірінен зардап шеккен азаматтардың кредитін кешіру керек деп санайды. Оны банктердің есебінен жасау қажет. Сонда олар өз ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін күшейтуге мүдделі болады", - деп атап көрсетті Рақымжанов.
Сондай-ақ, фракция депутаттары бас прокуратурадан заңсыз рәсімделген кредиттер бойынша банктерге қатысты тергеу бастауды талап етті.