https://sputnik.kz/20240916/endi-kredit-aludan-sheksiz-merzimge-bas-tartuga-bolady-47120972.html
Енді кредит алудан шексіз мерзімге бас тартуға болады
Енді кредит алудан шексіз мерзімге бас тартуға болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта... 16.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-16T11:25+0500
2024-09-16T11:25+0500
2024-09-16T11:25+0500
кредит
несие
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:2305:1296_1920x0_80_0_0_2e69b7298220e3515e3a2da4eddf33bf.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.Айта кетері, бұған дейін сервис 6 ай мерзімге ғана бас тартуға мүмкіндік беретін. Бұдан былай кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге мерзімсіз уақытқа тыйым салуға болады.Қызметті алу үшін:Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:1729:1296_1920x0_80_0_0_8c0cb3a4b3e2202952dfd41101493101.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, несие
Енді кредит алудан шексіз мерзімге бас тартуға болады
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Айта кетері, бұған дейін сервис 6 ай мерзімге ғана бас тартуға мүмкіндік беретін. Бұдан былай кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге мерзімсіз уақытқа тыйым салуға болады.
"Өтінімді азаматтың өзі ғана бере алады. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет", - деп жазылған хабарламада.
eGov.kz порталында авторизациядан өтіп,"Кеден және салықтар" бөліміне өтіңіз;
тізімнен "Экономика және қаржы" бөлімін таңдап, "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;
қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы:
"Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;
"Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?" деген сұраққа "Иә" деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.