https://sputnik.kz/20241008/qazaqstanda-gaz-ballondary-tolygymen-auystyrylady-47683928.html
Қазақстанда газ баллондары толығымен ауыстырылады
Қазақстанда газ баллондары толығымен ауыстырылады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде ондай баллондардың жалпы саны 350 мыңнан асады 08.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-08T18:51+0500
2024-10-08T18:51+0500
2024-10-08T18:55+0500
газ баллоны
https://sputnik.kz/img/106/55/1065585_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_f17874541d5284ffc0bf07982ef3d512.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанда үйде тамақ пісіруге қолданылатын газ баллондары толығымен ауыстырылады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Энергетика вице-министрі Әлібек Жамаубаевтың айтуынша, қазіргі кезде үш бірдей министрлік барлық газ баллонын ауыстыру туралы құжаттың жобасын әзірлеп жатыр. Бүгінде ондай баллондардың жалпы саны 350 мыңнан асады.Бұдан бөлек, әрбір балонда QR-код болады. Сол арқылы баллонға газ қай жерден құйылған, иесінің аты-жөні және тағы басқа ақпаратты шығарып алуға болады.Айта кетері, бүгін парламенттің төменгі палатасында табиғи газды пайдалануға қатысты өзгерістер мен түзетулер қаралды. Оған сәйкес, тұрмыстық мақсаттағы табиғи газдың шекті көлемін енгізу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғары тарифпен ақы төлеуге тура келеді.
https://sputnik.kz/20241008/tabigi-gazdy-tutynatyndarga-unemshil-boluga-tura-keledi--zhana-zan-zhobasy-azirlendi-47676088.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/106/55/1065585_182:0:903:541_1920x0_80_0_0_cc3805416d5187cd1e95dfad6e019df7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ баллоны
Қазақстанда газ баллондары толығымен ауыстырылады
18:51 08.10.2024 (жаңартылды: 18:55 08.10.2024) Бүгінде ондай баллондардың жалпы саны 350 мыңнан асады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанда үйде тамақ пісіруге қолданылатын газ баллондары толығымен ауыстырылады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Энергетика вице-министрі Әлібек Жамаубаевтың айтуынша, қазіргі кезде үш бірдей министрлік барлық газ баллонын ауыстыру туралы құжаттың жобасын әзірлеп жатыр. Бүгінде ондай баллондардың жалпы саны 350 мыңнан асады.
"Бұрынғы "пропан" деген жазуы бар қызыл баллондардың барлығын біртіндеп жаңасына ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бізде Қазинжинирингке қарасты бір зауыт бар. Сол жерде қызыл газ баллондары шығарылады. Біз соған ақша бөліп, барлық баллонды ауыстырамыз",-деді Жамаубаев мәжілісте өткен жиында.
Бұдан бөлек, әрбір балонда QR-код болады. Сол арқылы баллонға газ қай жерден құйылған, иесінің аты-жөні және тағы басқа ақпаратты шығарып алуға болады.
Айта кетері, бүгін парламенттің төменгі палатасында табиғи газды пайдалануға қатысты өзгерістер мен түзетулер қаралды. Оған сәйкес, тұрмыстық мақсаттағы табиғи газдың шекті көлемін енгізу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғары тарифпен ақы төлеуге тура келеді.