https://sputnik.kz/20241008/tabigi-gazdy-tutynatyndarga-unemshil-boluga-tura-keledi--zhana-zan-zhobasy-azirlendi-47676088.html
Табиғи газды тұтынатындарға үнемшіл болуға тура келеді – заңға түзетулер әзірленді
Табиғи газды тұтынатындарға үнемшіл болуға тура келеді – заңға түзетулер әзірленді
Sputnik Қазақстан
Табиғи газды белгіленген көлемнен артық пайдаланғандар тарифті 1,3 коэффицентпен төлейді 08.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-08T16:12+0500
2024-10-08T16:12+0500
2024-10-08T16:24+0500
газ
https://sputnik.kz/img/1439/54/14395481_0:449:2843:2048_1920x0_80_0_0_2fd801a373ca2fe9591fcc9ab3a2b4f9.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары табиғи газды пайдалануға қатысты заңға өзгерістер мен түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, қазіргі кезде электр энергиясын тұтыну саласында үнемдеу шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, энергияның көлемі ғана емес, оны тұтыну уақыты да ескеріледі. Соған қарай тариф белгіленеді. Сол секілді газ саласында көгілдір отынның шекті көлемін белгілеу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғары коэффицентпен ақы төлеуге тура келеді.Осылайша, табиғи газды белгіленген көлемнен артық пайдаланғандарға тарифті 1,3 коэффицентпен төлеуге тура келеді.Бүгінгі отырыста таныстырылған материалдарда газды тұрмыстық мақсатта пайдаланудың шекті көлемі де көрсетілген.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша 1,5 млн үйде газды тамақ пісіру үшін ғана емес, жылыту үшін де пайдаланады. Ал көпқабатты үйлермен қоса алғанда абонеттердің жалпы саны 2,2 млн адамға жетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1439/54/14395481_112:0:2843:2048_1920x0_80_0_0_b89eeb2380b9849a477e2ba30f98f789.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Табиғи газды тұтынатындарға үнемшіл болуға тура келеді – заңға түзетулер әзірленді
16:12 08.10.2024 (жаңартылды: 16:24 08.10.2024) Табиғи газды белгіленген көлемнен артық пайдаланғандар тарифті 1,3 коэффицентпен төлейді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары табиғи газды пайдалануға қатысты заңға өзгерістер мен түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, қазіргі кезде электр энергиясын тұтыну саласында үнемдеу шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, энергияның көлемі ғана емес, оны тұтыну уақыты да ескеріледі. Соған қарай тариф белгіленеді. Сол секілді газ саласында көгілдір отынның шекті көлемін белгілеу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғары коэффицентпен ақы төлеуге тура келеді.
"Қазір табиғи газ бойынша екі тариф енгізу жоспарланып отыр. Біріншісі - тұрмыстық қажеттіліктерге арналған газдың шекті көлемі. Ал осы көлемнен асқан жағдайда екінші тариф қолданылады. Әзірше шекті көлемнен асқаны үшін тарифтің 1,3 коэффицентін белгілеу ұсынылып отыр",-деді Смышляева мәжілісте өткен жиында.
Осылайша, табиғи газды белгіленген көлемнен артық пайдаланғандарға тарифті 1,3 коэффицентпен төлеуге тура келеді.
Бүгінгі отырыста таныстырылған материалдарда газды тұрмыстық мақсатта пайдаланудың шекті көлемі де көрсетілген.
жылыту маусымында – айына 625-920 текше метр (әрбір өңірдің климатына қарай);
жылыту маусымынан тыс уақытта – айына 70 текше метр.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша 1,5 млн үйде газды тамақ пісіру үшін ғана емес, жылыту үшін де пайдаланады. Ал көпқабатты үйлермен қоса алғанда абонеттердің жалпы саны 2,2 млн адамға жетеді.