"Мәжілістен үлгі алу керек": Тоқаев депутаттардың басты кемшілігін атады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на форуме депутатов маслихатов
Касым-Жомарт Токаев выступил на форуме депутатов маслихатов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Жазылу
Президенттің айтуынша мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формальді түрде өтеді
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының негізгі кемшілігін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысының айтуынша, депутаттар халықпен тікелей байланыс жасап, өз жұмысы туралы қоғамды жан-жақты хабардар етуге тиіс.
"Мойындауымыз керек, бұл істе көзге көрініп тұрған кемшіліктер бар. Атап айтқанда, мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формальді түрде өтеді. Мұндай кездесулерге тыңғылықты дайындалып, сапалы өткізуге ерекше мән берген дұрыс. Саясат дағдыларын меңгеру, адамдармен сөйлесе алу және ашық диалог кезінде өз ұстанымын дәлелдей білу өте маңызды", - деді Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында.
Сонымен қатар мәслихат депутаттары азаматтар көтеретін мәселелерді бақылауда ұстауы қажет.
"Жергілікті атқарушы органдарға ықпал ету үшін өз өкілеттіктерін барынша пайдалануға тиіс. Үнемі сындарлы пікірталастар өтіп, нақты шешімдер әзірленетін мәжілістен үлгі алу керек", - деп атап көрсетті президент.
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Президент әкімді аңдитын блогерлерді сынға алды
Жаңалықтар
0