https://sputnik.kz/20241003/prezident-akimdi-andityn-blogerlerdi-synga-aldy-47514497.html
Президент әкімді аңдитын блогерлерді сынға алды
Президент әкімді аңдитын блогерлерді сынға алды
Sputnik Қазақстан
Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды, деді Тоқаев 03.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-03T12:10+0500
2024-10-03T12:10+0500
2024-10-03T12:10+0500
әкім
блогер
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің әр қадамын аңдитын блогерлерді сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында президент қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары болатынын еске салды."Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет", - деді Тоқаев.Президенттің айтуынша, әрбір әкім азаматтармен ашық диалогқа дайын болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек."Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, блогер
Президент әкімді аңдитын блогерлерді сынға алды
Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды, деді Тоқаев
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің әр қадамын аңдитын блогерлерді сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында президент қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары болатынын еске салды.
"Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, әрбір әкім азаматтармен ашық диалогқа дайын болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек.
"Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді. Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.