Тоқаев Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент өз құттықтау жеделхатында премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Президентом Азербайджана Ильхамом Алиевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөзге атсалысқаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Жаңалықтар
0