https://sputnik.kz/20240703/samuryq-qazyna-men-azerbaijan-investment-holding-kelisimge-qol-qoydy-45411664.html
Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөзге атсалысқаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөзге атсалысқаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда. 03.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-03T17:47+0500
2024-07-03T17:47+0500
2024-07-03T17:49+0500
астана шыұ-2024
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45409969_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_b1d0031abe877ceba67c68489be96872.jpg
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.Қазақстан президенті ШЫҰ саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Ол екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып, жаңа мазмұнмен толығып келе жатқан ынтымақтастық динамикасын жоғары бағалады.Екі ел басшылары инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Осы орайда Транскаспий халықаралық көлік бағдарын тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударылды.Өз кезегінде Ильхам Әлиев дәстүрлі түрде құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша Астанамен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға Бакудің бейілді екенін растады.Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер үдерісіне атсалысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың лайықты мүшесі ретінде аймақта ғана емес, халықаралық аренада да маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективалары қарастырылды. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.Кездесу соңында екі ел басшыларының қатысуымен "Самұрық-Қазына" АҚ мен Azerbaijan Investment Holding арасындағы Бірлескен инвестициялық қорды басқару туралы келісімге қол қойылды.
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45409969_74:0:1207:850_1920x0_80_0_0_07ae71f4d566be59d33a167f4a129614.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті ШЫҰ саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Ол екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып, жаңа мазмұнмен толығып келе жатқан ынтымақтастық динамикасын жоғары бағалады.
"Мен Бакуге және Шушаға жасаған сапарымды үнемі еске аламын. Бұл, шын мәнінде, бетбұрысты, маңызды, тарихи мәні бар сапар болды десек, артық айтқандық емес. Келіссөздер барысында біз бірқатар стратегиялық сала бойынша өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға тың серпін бердік", – деді Қазақстан президенті.
Екі ел басшылары инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Осы орайда Транскаспий халықаралық көлік бағдарын тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударылды.
Өз кезегінде Ильхам Әлиев дәстүрлі түрде құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша Астанамен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға Бакудің бейілді екенін растады.
Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер үдерісіне атсалысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың лайықты мүшесі ретінде аймақта ғана емес, халықаралық аренада да маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективалары қарастырылды. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында екі ел басшыларының қатысуымен "Самұрық-Қазына" АҚ мен Azerbaijan Investment Holding арасындағы Бірлескен инвестициялық қорды басқару туралы келісімге қол қойылды.