Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғылардың жұмысы тоқтатылды

© Photo : Пресс-служба Атырауского нефтеперерабатывающего завода Установка гидроочистки дизельного топлива Prime D 3205 комплекса глубокой переработки нефти Атырауского НПЗ
Установка гидроочистки дизельного топлива Prime D 3205 комплекса глубокой переработки нефти Атырауского НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуатының үзілуі салдарынан кейбір технологиялық қондырғылар тоқтап тұр.
"Оқиға кезінде Атырау мұнай өңдеу зауытының жеке жылу электр орталығы іске қосылып, зауыттың қалған технологиялық қондырғылары жұмысын жалғастырды, сондай-ақ кәсіпорынның құбыр жүргізу жүйесіндегі қысым қажетті деңгейде сақталды. Мүдделі тараптар Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтау жүйесіндегі ақаудың себебін анықтап жатыр", - деп хабарлады зауыт.
Кәсіпорындағы жағдай бақылауда, деп атап өтті зауыт. Қазіргі уақытта зауытты сыртқы электрмен жабдықтау тұрақтандырылды, тоқтап қалған технологиялық қондырғыларда іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Атырау мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Атырау мұнай өңдеу зауытында қазанда жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі
Жаңалықтар
0