Атырау мұнай өңдеу зауытында қазанда жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі

© Photo : Официальный сайт АО "НК "КазМунайГаз"Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Жазылу
Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылады
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазаннан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
"Жоспарлы алдын алу жұмыстары – бұл технологиялық қондырғылардың алдағы уақытта да қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету, жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қадағалау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін мұнай өңдеу зауытында өткізілетін қалыпты процедура", - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ зауыт тоқтаған кезде реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылады.
Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы тұрақты жағдайын сақтап тұру мақсатында АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор көлемі жинақталып жатыр. Мұнай өнімдері Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай ішкі нарыққа біркелкі жөнелтіледі.

Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауыты және Шымкент МӨЗ-і мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады.
Жаңалықтар
0