Енді әскери қызметкерлердің қызметтік досы болады – министрлік

© Sputnik / Санат ИмангалиевВоеннослужащие Казахстана
Военнослужащие Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2024
Жазылу
Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Әскери қызметкерлердің "Жауынгерлік досы" болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев хабарлады.
"Қарулы күштерде құқық бұзушылықтарды тоқтату аясында көптеген шара қолданылады. Мәселен, "Жауынгерлік дос" жүйесі, яғни, әрбір келген әскери қызметшінің қасында екінші жауынгерлік досы болады. Оның басты міндеті – оны басқа бір жағымсыз жағдайлардан сақтап, қорғап жүру. Одан басқа, "Пирамида" жүйесі бар", - деді спикер.
Сонымен қатар сарбаздар "Отбасымен бейнеқоңырау" қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір бөлімде ата-аналар чаттары құрылған. Құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында әрбір әскери қызметші жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, қызметтік үй-жайлар, оның ішінде казарма орналасқан жер бейнекамералармен жабдықталған. Ол үшін штаттарға оператор лауазымдары енгізілген.
Военнослужащие Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2024
Аягөз қаласында әскери қызметкердің мәйіті табылды
Жаңалықтар
0