Аягөз қаласында әскери қызметкердің мәйіті табылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВоеннослужащие Казахстана
Военнослужащие Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2024
Жазылу
Алдын ала ақпарат бойынша офицер жұмыстан тыс уақытта өз-өзіне қол жұмсаған
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Аягөз гарнизоны қайтыс болған офицерге қатысты алдын алы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
19 қыркүйекте әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды.

"Алдын ала ақпарат бойынша офицер жұмыстан тыс уақытта өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтып отыр.
Айта кетері, бұған дейін Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан өз-өзіне оқ атқан. Ал Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінде тағы бір әскери қызметші қару-жарақты қолдану ережелерін бұзудың салдарынан оң қолынан жарақат алды.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2024
Сарыөзек гарнизонында әскери қызметкер жараланды
Жаңалықтар
0