Алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Золотые слитки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
Оған доллардың әлсіреуі және АҚШ-та мемлекеттік облигациялардан түсетін табыстың төмендеуі себеп
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Алтынның бір унциясының бағасы 2600 доллардан асып кетті, деп хабарлады 24 kz.
Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Оған доллардың әлсіреуі және АҚШ-та мемлекеттік облигациялардан түсетін табыстың төмендеуі себеп.
Сарапшылар бағалы металл әлі де қымбаттайтынын айтады. Олардың болжауынша, келер жылдың ортасына таман алтынның бір унциясының құны 3000 долларлық межеге дейін жетуі де ғажап емес. Өйткені мамандар АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелер төмендеп, қор биржалары тарапынан сұраныс жоғары болатынын пайымдап отыр.
Алтын түйіршіктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Қазақстан мен Түркияның компаниялары алтын кенін іздеу жобасын қолға алды
Жаңалықтар
0