Қазақстан мен Түркияның компаниялары алтын кенін іздеу жобасын қолға алды

© Photo : ТОО "Тау-Кен Алтын" Алтын түйіршіктері
Алтын түйіршіктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы мен түркиялық D Mineral компаниясы бірлескен геологиялық барлау жобасын қолға алды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметті.
Еліміздің минералды-шикізаттық ресурстық базасын толықтыруға арналған маңызды құжатқа "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Бақыт Шіршікбаев пен D Mineral директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ильхан Пойраз қол қойды.
"Геологиялық барлау жұмыстары сәтті жүзеге асырылғаннан кейін мүдделі тараптар бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. Бұл орайда Ильхан Пойраз қазақстандық компаниялармен жан-жақты әрі ұзақмерзімді тиімді байланыс орнатуға дайын екендерін жеткізді", - деп мәлімдеді ведомство.
Негізгі келісімге қол қойылғаннан кейін екі жақ геологиялық барлауға лицензия алып, бірлескен кәсіпорынды құру жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға кіріспек. Бұл жоба алтын кен орындарын іздестіруге бағытталады. Геологиялық барлауға қаражатты Түркия бөледі.
Айта кетері, D Mineral компаниясы Dimin Group (Түркия) холдингінің құрамына кіреді. Негізінен темір кені мен мыс өндірумен айналысады.
Алтын құймалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Қоғам
Қазақстандықтар қаңтар айында 2 300 алтын құйма сатып алды
Жаңалықтар
0