https://sputnik.kz/20240915/qazaqstannan-zansyz-akelingen-8-vagon-biday-reseyge-keri-qaytaryldy--47090476.html
Қазақстаннан заңсыз әкелінген 8 вагон бидай Ресейге кері қайтарылды
Қазақстаннан заңсыз әкелінген 8 вагон бидай Ресейге кері қайтарылды
Sputnik Қазақстан
526 тонна бидай Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізілген 15.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-15T10:38+0500
2024-09-15T10:38+0500
2024-09-15T10:38+0500
бидай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ebbfcfd563798ed4fea042184d9cf6a6.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік инспекторлар Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының бақылау бекетінде ресейлік астықты анықтап, оны кері қайтарды. "Осы жылдың 11-12 қыркүйегінде Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды", - деп жазылған хабарламада. 526 тонна бидай Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізуге бағыт алған. Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Жайық" шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізген. Министрлік ішкі нарықты қорғау және Астықты кері экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылдың 26 шілдесінде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрлерімен бидайды әкелуге тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданғанын еске салды.
https://sputnik.kz/20240822/qazaqstanda-eksportqa-shygatyn-biday-kolemi-azaydy---ministrlik-46523049.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2ebc8413b36c8bddb608bdd4333975ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бидай, экспорт
Қазақстаннан заңсыз әкелінген 8 вагон бидай Ресейге кері қайтарылды
526 тонна бидай Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізілген
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік инспекторлар Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының бақылау бекетінде ресейлік астықты анықтап, оны кері қайтарды.
"Осы жылдың 11-12 қыркүйегінде Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
526 тонна бидай Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізуге бағыт алған.
Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Жайық" шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізген.
Министрлік ішкі нарықты қорғау және Астықты кері экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылдың 26 шілдесінде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрлерімен бидайды әкелуге тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданғанын еске салды.