https://sputnik.kz/20240822/qazaqstanda-eksportqa-shygatyn-biday-kolemi-azaydy---ministrlik-46523049.html
Қазақстанда экспортқа шығатын бидай көлемі азайды - министрлік
Қазақстанда экспортқа шығатын бидай көлемі азайды - министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Статистика деректері бойынша биылғы қаңтар-маусымда экспортқа 2 368 мың тонна бидай шығарылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен... 22.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-22T19:10+0500
2024-08-22T19:10+0500
2024-08-22T19:10+0500
бидай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e7/03/02/32608819_0:207:720:612_1920x0_80_0_0_55e013e74b3f1c093dfddd475ead8c6b.jpg
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Статистика деректері бойынша биылғы қаңтар-маусымда экспортқа 2 368 мың тонна бидай шығарылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе аз. Қазақстан бидай өндірісі бойынша әлемде 14-ші орында тұр, деп хабарлайды мониторингтік компания Energyprom.kz . Sputnik тілшісі ауыл шаруашылығы министрлігінен Қазақстан экспорттық көлемін неге жоғалтып жатқанын сұрады. 2023 жылы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар проблемаларға тап болды, деп толықтырды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. "Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті", - деп нақтылады ведомстводан. Бидай экспортының жалпы көлемінің төмендеуі Өзбекстанға жеткізілімдердің 1,9 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға 322 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін төмендеуімен байланысты. Бұған дейін ведомство басшысы Айдарбек Сапаров қазақстандық бидайдың Ресей бидайымен бәсекелесуі қиын екенін айтқан болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/02/32608819_0:72:720:612_1920x0_80_0_0_7fea214e4a97067cb93353a349868a96.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бидай, экспорт
Қазақстанда экспортқа шығатын бидай көлемі азайды - министрлік
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Статистика деректері бойынша биылғы қаңтар-маусымда экспортқа 2 368 мың тонна бидай шығарылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе аз.
Қазақстан бидай өндірісі бойынша әлемде 14-ші орында тұр, деп хабарлайды мониторингтік компания
Energyprom.kz .
Sputnik тілшісі ауыл шаруашылығы министрлігінен Қазақстан экспорттық көлемін неге жоғалтып жатқанын сұрады.
"Экспорт көлемінің төмендеуіне басты себеп 2023 жылы астықтың жалпы түсімі мен сапасының төмендеуі болды", - деп жауап берді ведомстводан.
2023 жылы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар проблемаларға тап болды, деп толықтырды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
"Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті", - деп нақтылады ведомстводан.
Бидай экспортының жалпы көлемінің төмендеуі Өзбекстанға жеткізілімдердің 1,9 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін, Ауғанстанға 322 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін төмендеуімен байланысты.
Бұған дейін ведомство басшысы Айдарбек Сапаров қазақстандық бидайдың Ресей бидайымен бәсекелесуі қиын екенін айтқан болатын.