Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайды

© Sputnik / Абзал КалиевҚұрбан айт
Құрбан айт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасыныңміедетін атқарушы Самат Төлегенов Моңғолия Ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесу барысында ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды. Соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспортатау мәселесі қарастырылды.
"Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификаты келіскен болатын. Қыркүйек айының басында Моңғолия өкілдері Түркістан облысының шаруашылықтарына ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі бойынша тексеріс және тәуекелдерді бағалау жүргізді. Ветеринариялық қызметтің құрылымы мен елде жүргізіліп жатқан ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, тараптар Ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылап, ветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.
Лошадь - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Қазақстанда асыл тұқымды жылқы үшін жыл сайын 140 млн теңге жұмсалатын болады
Жаңалықтар
0