https://sputnik.kz/20231215/qazaqstanda-asyl-tuqymdy-zhylqy-ushin-zhyl-sayyn-140-mln-tenge-zhumsalatyn-bolady-40968417.html
Қазақстанда асыл тұқымды жылқы үшін жыл сайын 140 млн теңге жұмсалатын болады
Қазақстанда асыл тұқымды жылқы үшін жыл сайын 140 млн теңге жұмсалатын болады
Sputnik Қазақстан
Парламенттегілер қазақтың спорттық бағыттағы жылқы тұқымын молайту мәселелері жөніндегі заң жобасын қарады 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T15:12+0500
2023-12-15T15:12+0500
2023-12-15T15:13+0500
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40966564_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_2137dff35bd3f97948281ec1817538d6.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Республикалық бюджет жыл сайын қостанайлық жылқы тұқымын сақтауға 140 миллион теңге жұмсайды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Ведомствоның мәліметінше, қостанайлық жылқы тұқымы мамандандырылған ат спортына қолданылатын жалғыз тұқым, сол себепті ұлттық ат спортты дамыту үшін кеңінен қолданылады.Оның айтуынша, заң жобасына үші бірдей өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ол - "асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы", "селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы"."Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" заңда республиканың жылқы өсірушілері жылқылардың өнімді және спорттық бір бағытын құруды ұсынды."Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" заңдарға енгізілген түзетулер тұқымның стандарттарын және оның ішінде спорттық бағыттар бойынша нақтылайды."Отандық асыл тұқымды жылқылары туралы "қазақтың асыл тұқымды спорттық бағыттағы жылқылары" деген жаңа ұғым қалыптасады", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.Барлық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Субсидиялауға кететін шығындарды биыл 22 тамызда республикалық бюджет комиссиясы шешкен. Жыл сайын осы мақсатқа 140 миллион теңге бөлінетін болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40966564_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7cebf19c1023d8ac27c91043001c2f57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы
Қазақстанда асыл тұқымды жылқы үшін жыл сайын 140 млн теңге жұмсалатын болады
15:12 15.12.2023 (жаңартылды: 15:13 15.12.2023) Парламенттегілер қазақтың спорттық бағыттағы жылқы тұқымын молайту мәселелері жөніндегі заң жобасын қарады
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Республикалық бюджет жыл сайын қостанайлық жылқы тұқымын сақтауға 140 миллион теңге жұмсайды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, қостанайлық жылқы тұқымы мамандандырылған ат спортына қолданылатын жалғыз тұқым, сол себепті ұлттық ат спортты дамыту үшін кеңінен қолданылады.
"Бұл тұқым халықтың ұлттық қазынасы ретінде танылды. Қазіргі уақытта республикада Қостанай тұқымды 228 бас жылқы және 1-ші және 2-ші буын будандары тіркелген", - дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Оның айтуынша, заң жобасына үші бірдей өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ол - "асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы", "селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы".
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" заңда республиканың жылқы өсірушілері жылқылардың өнімді және спорттық бір бағытын құруды ұсынды.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" заңдарға енгізілген түзетулер тұқымның стандарттарын және оның ішінде спорттық бағыттар бойынша нақтылайды.
"Отандық асыл тұқымды жылқылары туралы "қазақтың асыл тұқымды спорттық бағыттағы жылқылары" деген жаңа ұғым қалыптасады", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Барлық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Субсидиялауға кететін шығындарды биыл 22 тамызда республикалық бюджет комиссиясы шешкен. Жыл сайын осы мақсатқа 140 миллион теңге бөлінетін болады.