Қазақстан шекарасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

© Пресс-служба научного центра вирусологии и биотехнологий "Вектор" / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлемде маймыл шешегінің өршуіне байланысты шекара арқылы өтетін барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті, деп хабарлады ведомство.
8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында денсаулық сақтау объектілері, шұғыл медициналық көмек бригадалары және инфекциялық стационарлар толық дайындалды.
"Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда", - деп жазылған хабарламада.
Комитет маймыл шешегі ауруы Қазақстанда анықталмағанын атап өтті.
"Дәрі-дәрмек, жеке қорғаныш және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры жасақталды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары қажетті диагностикалық тест жүйелерімен жабдықталды", - деп мәлімдеді ведомство.
Комитет инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін гигиенаның негізгі ережелерін сақтауға шақырды.
Эмблема ВОЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2024
Маймыл шешегімен күреске 135 млн доллар қажет – ДДСҰ
Жаңалықтар
0