Маймыл шешегімен күреске 135 млн доллар қажет – ДДСҰ

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЭмблема ВОЗ
Эмблема ВОЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2024
Жазылу
Ұйым халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Әлемде маймыл шешегі ауруының таралуын тоқтату үшін алдағы жарты жылда шамамен 135 миллион доллар қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус осылай деді.
Оның айтуынша, қауіпті инфекциямен күрес халықаралық қауымдасты тарапынан кешенді шаралар мен бірлескен іс-әрекетті талап етеді, деп хабарлады 24.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда аталған ұйым маймыл шешегі дертінің дендеуіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялаған болатын.
Қазақстанның ірі әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Қазақстанның ірі әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті
Жаңалықтар
0