https://sputnik.kz/20240905/astanada-tagy-8-mektep-ashylady-46818734.html
Астанада тағы 8 мектеп ашылады
Астанада тағы 8 мектеп ашылады
Sputnik Қазақстан
Оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашқан болатын 05.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-05T19:33+0500
2024-09-05T19:33+0500
2024-09-05T19:33+0500
мектеп
астана
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_0:147:3119:1901_1920x0_80_0_0_824b1482ed35adf3ef5c90dc75686871.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жаңа мектептер салу жұмыстары туралы мәлім етті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда жұмыс істеген 5 мектепте және оқыту режимі тығыздалған 4 мектепте мәселе шешілді.Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартылады. Мысалы, "Сәби" қайырымдылық қоры қалаға жаңа мектеп сыйлады (Барыс Аренаның артында). Ғимарат №9 "Зерде" мамандандырылған лицейіне берілді."Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауы "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынуда. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан. Сондай-ақ алдағы жылдарға дайындалып жатырмыз", - деп түйіндеді Қасымбек.
https://sputnik.kz/20240901/astanada-zhana-oqu-zhylynda-15-mektep-ashyldy-46735006.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_194:0:2925:2048_1920x0_80_0_0_cbce2c326ed78fd631e3076c01659522.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, астана
Астанада тағы 8 мектеп ашылады
Оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашқан болатын
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жаңа мектептер салу жұмыстары туралы мәлім етті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
"Биыл біз мектептердің рекордтық санын тапсырамыз. Мысалы, оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашты. Олардың тоғызы мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынды", - деп жазды елорда әкімі желідегі парақшасында.
Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда жұмыс істеген 5 мектепте және оқыту режимі тығыздалған 4 мектепте мәселе шешілді.
Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартылады. Мысалы, "Сәби" қайырымдылық қоры қалаға жаңа мектеп сыйлады (Барыс Аренаның артында). Ғимарат №9 "Зерде" мамандандырылған лицейіне берілді.
"Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауы "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынуда. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан. Сондай-ақ алдағы жылдарға дайындалып жатырмыз", - деп түйіндеді Қасымбек.